jasqazaq.kz

ҰБТ: 600-ге жуық түлекті тест залынан шығарып жіберді

07 маусым 2021, 14:44

Қазақстандағы ҰБТ-ның аралық нәтижелері жарияланды. Қазіргі жағдай бойынша 224 түлек ҰБТ-ға жіберілмеді, тағы 563 талапкердің нәтижелері жойылды, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бүгінгі таңда 51 тестілеу пунктінде 123 мыңнан астам талапкер ҰБТ тапсырды. Оның ішінде 92 458 түлек қазақ тілінде, 30 967 – орыс тілінде, 263 – ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Максималды балл – 140. Сонымен қатар 224 түлекті тыйым салынған заттарды кіргізбек болғаны үшін ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырды. Олар тінту кезінде табылған. Тестілеу барысында ережелерді бұзғаны үшін 563 адам аудиториядан шығарылды, олардың нәтижелері жойылды”, – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жастарды академиялық адалдыққа шақырды. Әрбір тест тапсырушыға «бір тестіленуші – бір камера» қағидасы бойынша бақылау жүргізіледі.

Бұдан өзге, тоғыз түлектің температурасы көтерілген, сондықтан олар ҰБТ-ны басқа күні тапсырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде