jasqazaq.kz

WorldSkills Shymkent – 2022»: 48 студент республикаға жолдама алды

27 мамыр 2022, 17:03

Бүгін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында ұйымдастырылған «WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының қалалық кезеңі қорытындыланды. Аймақтық чемпионат 20-27 мамыр күндері аралығында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты 15 колледждің базасында өндірістік кәсіпорындардың атсалысумен өтті. Салтанатты шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан кәсіптік колледждер көрмесін аралап, марапаттау рәсімінде жеңімпаздарды құттықтады.

– Шымкент қаласы бойынша 36 колледжде 33 мыңнан астам студент білім алуда. Оның 11 мыңға жуығы мемлекеттік тапсырыс аясында тегін біліммен қамтамасыз етілген. Колледждердің техникалық-материалдық базасын нығайту кәсіптік маман иелерін даярлауда білім сапасына әсер ететіні анық. Республикалық «Жас маман» бағдарламасы аясында қаламыздағы бірқатар колледждердің базасы жабдықталды. Бүгін «WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі мәресіне жетіп отыр. Сайыстың тартысты өткенін қатысушылар арасындағы бәсекелестіктің, жұмыс сапасының артқанынан көріп отырмыз. Аймақтық кезең жеңімпаздары алдағы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық, Шанхайда өтетін халықаралық кезеңдерде де үмітімізді ақтап, жүлделі орындардан көрінеді деген сенімдеміз, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

«WorldSkills Shymkent – 2022» чемпионатының аймақтық кезеңіне 46 құзіреттілік бойынша 176 үміткер қатысқан. Олар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өндірістік және инженерлік технологиялар, қызмет көрсету саласы, шығармашылық және дизайн, құрылыс индустриясы, көлік және логистика бағыттары бойынша бақ сынады. Қатысушылардың конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады.

Айта кетейік, аймақтық «WorldSkills Shymkent — 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының үздік жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальмен марапатталды. Республикалық кезеңге 46 құзіреттілік бойынша 48 үміткер қатысады.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде