jasqazaq.kz

WhatsApp-та видео таратқаны үшін сотталды

11 ақпан 2021, 14:47

Павлодар облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде порнография материалдарын таратқаны үшін сотталды. Ол бір жылға бас бостандығын шектелді және жүз сағаттық мәжбүрлі еңбек жазасы тағайындалды.

47 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс Успен аудандық сотында қаралды.

«Сотталушы ҚР ҚК-нің 311-бабы «Порнографиялық материалдарды заңсыз тарату» бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылау орнатып, 100 сағат мәжбүрлі еңбек пен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады», — деп хабарлады Успен аудандық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Іс сотқа прокурор мен сотталушы арасында жасалған кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процессуалдық келісіммен түскен.

«Сот 2020 жылдың желтоқсанында сотталушы екі ауыл тұрғынына қатысты әшкерелейтін материалдарға ие бола отырып, WhatsApp мессенджеріндегі топқа порнографиялық сипаттағы бейнематериал таратқанын анықтады», — делінген хабарламада.

Сотта ер адам ауылдастарының видеосын «Купи-Продай» деген топқа салып жібергенін, сөйтіп порноматериал ауыптаушыға жеткені хабарланды.

«Бұл аса ауыр емес қылмысқа жатады. Ер адамның іс-әрекетіне шын жүректен өкінуі жазаны жеңілдетуге себеп болды», — деп атап өтті соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, сот үкімі заңды күшіне енбегенін айтты.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде