jasqazaq.kz

WhatsApp-та адамдар ұзақ күткен функция пайда болды

28 қазан 2017, 12:48

WhatsApp құрастырушылары пайдаланушының құрылғысындағы ғана емес, сұхбаттасушысының да хабарламаларын жоюға мүмкіндік беретін қосымша енгізді. Аталған қызмет басқа абоненттерге қателесіп хабарлама жіберіп қойған жағдайда көмегін тигізбек, деп хабарлайды The Next Web.

Хабарламаның толықтай жою оны жібергеннен кейін жеті минут ішінде жүзеге асырылады. Бұл уақыт өткенге дейін хабарлама жойылмай тұрады. Чаттағы хабарлама орнында «Хабарлама жойылды» деген жазба пайда болады. «Бәрі үшін жою» жаңа қызметі қосымшалар жаңартылғаннан кейін пайда болады. Жаңа қызметті Android, iOS және Windows Phone басқаруындағы құрылғымен қолдана алады. Ол үшін жоюды қажет ететін хабарламаны таңдап, саусақпен басып тұрып, ашылған терезеден «Бәрі үшін жою» нүктесін таңдау керек. Қажет болған жағдайда бірнеше хабарламаны бірден жоюға болады, деп жазды The Next Web.

ҚазАқпарат

 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде