jasqazaq.kz

«WhatsApp» дәмханасын ашқан шымкенттік кәсіпкерді Цукерберг сотқа беруі мүмкін

15 маусым 2017, 10:52

Әлемге танымал «WhatsApp» мессенджері атауын пайдаланған шымкенттік кәсіпкердің басы пәлеге қалатын түрі бар. Шымкентте «Уатсап» деген дәмхана бар екенін білген Әділет министрлігі, белгілі брендті заңсыз қолданған кәсіпкерге ескерту жасады. Тегін жарнамамен клиент тартып жүрген кәсіпкер миллиондап айыппұл төлеп, тіпті түрмеге жабылуы да мүмкін.

«Әлемге әйгілі тауар белгісін қолданған кәсіпкер әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілік туралы білмеген болар. Бірақ, егерде осы тауар белгісінің заңды иесі осы жағдай туралы хабардар болса, онда ол сотқа шағымдануы мүмкін. Және осы жағдайда кәсіпкер үлкен айыппұл төлейді», — дейді министрліктің ресми өкілі Олжас Рамазанов.

Бұл кафенің ашылғанына 11 ай ғана болған. Қабырғаларын уатсаптағы смайликтермен безендіріп, ішіндегі үстелдеріне дейін танымал брендтің суретін іліп қойыпты. Ал, мәзірдің өзінде тіпті «Уатсап» деп аталатын фирмалық салат та бар. Бірақ, кәсіпкер Асқар Мүсірәлиевтің өзі ісін заңсыз деп ойламапты. Жастарды тарту үшін месенджердің қоя салдым деген ол, енді әйгілі компания тарапынан қиындықтар туа ма деп алаңдайды. Тіпті, қысым көрер болса, дәмхана атын жедел ауыстырам деп ақталып отыр.

«Мен бұны ұрлық деп ойлаған жоқпын. Білмедім. Болмайтын болса атауын өзгертем. Басқа атпен тіркелем», — дейді дәмхана қожайыны Асқар Мүсірәлиев.

Айта кетейік, Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг 2014 жылы WhatsApp мессенджерін $19 млрд долларға сатып алған еді.

Baq.kz

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу