jasqazaq.kz

Волейболшы қызды бетінен ұрған дене шынықтыру мұғалімі жұмыстан қуылды

23 желтоқсан 2020, 16:55

Маңғыстау облысында команда ойыншысына қол көтерген дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жұмыстан қуылды.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Ысқақ Құлатаев мәлім еткендей, №3 мектеп директоры дене шынықтыру пәнінің мұғалімін жұмыстан босату туралы тиісті бұйрыққа 20 желтоқсанда қол қойған.

Бұған дейін Маңғыстау облысында ер адам жарыс кезінде волейболдан қыздар командасының ойыншысын бетінен ұрғаны туралы жазған болатынбыз. Видео әлеуметтік желіде тараған еді.

Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл оқиға Мұнайлы ауданында жарыс кезінде болғанын және оған қатысы бар ер адам жаттықтырушы емес, Жаңаөзен қаласы N3 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі екенін мәлім етті.

«Ол жаттықтырушы емес. Жарысқа оны ешқандай ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты. Аталған оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтайтын болады», — деген еді басқармадан.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия