jasqazaq.kz

Владимир Зеленский Украинаның Жоғары Радасын таратты

20 мамыр 2019, 14:53

Украина президенті атанған Владимир Зеленский Жоғарғы Раданың салтанатты отырысында ант берді. Бұл туралы ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап хабарлайды.

«Зеленский Украина конституциясы мен Інжілге қолын қойып, ант мәтінін оқыды. Отырысқа қатысушылар президент антын түрегеп тұрып тыңдады. Осыдан кейін отырысқа төрағалық еткен Жоғарғы Рада төрағасы Андрей Парубий президент Зеленскийді Жоғарғы Рададағы Украина президентінің орнына жайғасуға шақырды», — делінген хабарламада. Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Татьяна Слипачук Владимир Зеленскийге Украина президентінің куәлігін тапсырды. Конституциялық сот төрайымы Наталия Шаптала Владимир Зеленскийге Президент белгісін, шоқпар мен елтаңба мөрін берді. Сондай-ақ, Украина президенті сегізінші шақырылымдағы Жоғарғы Раданы тарататынын жария етті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде