
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеу жариялап, Ресейде жартылай мобилизациялау жүретінін жариялады. Мобилизациялау шаралары 21 қыркүйекте басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ Ресей президенті әскерге шақырылғандар міндетті әскери дайындықтан өтетінін де нақтылады.
Владимир Путин:
Әскери қызметке қазіргі уақытта запастағы және ең алдымен Қарулы күштер қатарында қызмет еткен, белгілі бір әскери мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар ғана шақырылады. Бөлімдерге жіберілгенге дейін әскери қызметке шақырылғандар арнайы әскери операция тәжірибесін ескере отырып, міндетті түрде қосымша әскери дайындықтан өтеді.
Владимир Путиннің «Ресей Федерациясында ішінара мобилизациялау туралы» жарлығы kremlin.ru сайтында жарияланды.