jasqazaq.kz

Виза ала алмаған қырғыз аруы Қытайдағы “Әлем аруы” байқауына қатыса алмады

26 қазан 2017, 12:25

“Мисс Қырғызстан – 2017” байқауының жеңімпазы қырғызстандық сәнбике Бегімай Қарыбекова Қытайда өтіп жатқан әлемдік байқауға бара алмады. Оған елшілікте виза бермей қойған екен.

Бұл туралы kabar.kg басылымы жазды.

“Біз елшіліктің жауабын күтіп отырған кезде байқау басталып кетті. Менімен бірге уайымдап, қолдау көрсеткен жандарға алғысым шексіз. Вице-премьер министрі Шолпан Сұлтанбекова мен БАҚ-қа да айтар алғысым шексіз”, – деп жазады Қарыбекова өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Қарыбекова осы уақытқа дейін Қырғызстанның Қытайдағы елшілігі барлық құжатты ұсынғандарымен, аталған елдің елшілігі виза бермей отырғанын айтқан болатын.

Қарыбекова көптеген халықаралық сұлулық байқауларына қатысқан. Ол “Miss Tourism Eurasia” байқауында гран-приді жеңіп алған болатын. “Top Model Of The World 2016” және “Miss Intercontinental 2016” байқауларында қырғыз елінің намысын қорғаған еді.

stan.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде