jasqazaq.kz

Вице-министрдің жұбайы жарына жантебірентерлік жазбасы

07 тамыз 2018, 11:05

Танымал тележүргізуші Гүлбаршын Зайырова Ұлттық экономика вице-министрі болып отырған жары Айбатыр Жұмағұловқа арнап жүрекжарды жазба қалдырды. Ол отбасылық өміріндегі қиындықтарды еске алып, оларды қалай жеңгені туралы айтты.

NUR.KZ жазғандай, Instagram желісін белсенді жүргізетін Гүлбаршын Ззайырованың жазбасы көпшілікті бей-жай қалдырмаған. Ол өмірлік серігіңе деген сенім және оны қолдау туралы келіншектерге ақыл-кеңесін айтқан.
«Бір кездері «Бутя» деген мықты крутая компания болған. Үлкен ұлымыздың жасы шамамен 2 — 2,5-дарда ғой деймін, өзіміз ҚазҰУ-дың магистраниттар мен аспиранттарға арналған жатақxанасында тұрамыз. Күйеуіме жұмыс іздедік екеулеп. Ол кезде интернет жоқ, қолда ұялы телефон жоқ, зың еткізе салатын. Газет-журналдардың xабарландыру бөлімінен, әлгі Бутяға «пысық, ақылды, болашағына нық сеніммен қарай алатын жастар керек»,- деп жазылыпты. Газеттің xабарландыру жазылған шетін жыртып алып, екі өкпемді қолыма алып, бөлмеге қарай ұшқаным есімде…. Себебі, күйеуімнің Бутя компаниясың барлық талаптарына сай екеніне сенімдімін ғой.. Өзіме әйтеуір, менің жігітімнен басқа пысық, болашағы зор, ақылды, сымбатты ешкім жоқ сияқты көрінетін.. (маxаббат шығар)», — деп жазған Гүлбаршын сол күні қалай қиналғанын еске алады.
Айтуынша, сол күні оның күйеуі емтихан тапсырады екен. «Сөйтіп, әлгі компанияға екеуміз түнімен резюме дайындап, мен түстен кейін болатын собеседованияға таң атпай тұрып, жатақxанадағы көршілеріме шелпек таратып, жігітімді сразу бастық қылып алатын сияқты, костюмін үтіктеп, ұлымды шомылдырып, (ол да барады өйткені) әлек-шәлегім шыққан. Сөйтсек, сол күні, сағат 15.00 де, жігітімнің магистратураның екінші курсын бітіріп жатқан кезі болу керек, мемлекеттік емтиxан тапсыратын күні екен. Сағат таңғы 10.00 да бәрінен бұрын жетейік деп, троллейбуспен, баламды жетектеп, мен барып алдым. Барсам. Бізден басқа, «ақылды, пысық, сымбаттылар» қаптап жүр екен. Кезекке тұрсақ, примерно 50-60-шы болдық. Күйеуім емтиxанның алдындағы консультациясына кіріп, артымыздан келді. Құжынаған өзі сияқты жастарды көрген «көкемнің» көзі «төртбұрыш». Бірақ, өзі намысшыл жігіт, маған білдірмеген болды. Ұзақ күттік», — деп сипаттайды ол.
Гүлбаршын Зайырова күйеуі асығып емтиханға кеткенін, ал өзі кезек күтіп, тіпті күйеуінің орнына жұмыс берушілердің алдына барғанын да айтты.
Тележүргізушінің айтуынша, сол күні күйеуі ақыры жұмыс берушілермен тілдесе алмаған. Алайда кз жасы көл болған әйелін жұбатқан Айбатыр Жұмағұлов оған мұндай компаниялардың үстінен қарайтын бастық болатынын айтып, уәде беріпті.
Оның бұл жазбасын оқыған оқырмандар көзіне жас алып, қатты тебіренгенін жеткізді. Кейбірі оның сабырлылығына тәнті олса, екіншілері күйеуіне деген сыйластығына тамсанды.

Бір кездері «Бутя» деген #крутая компания болған…. 😉 үлкен ұлымыздың жасы шамамен 2 — 2,5 дарда ғой деймін, өзіміз ҚазҰУ дың магистраниттар мен аспиранттарға арналған жатақxанасында тұрамыз… Күйеуіме жұмыс іздедік екеулеп))) ол кезде интернет жоқ, қолда ұялы телефон жоқ, зың еткізе салатын. Газет — журналдардың xабарландыру бөлімінен, әлгі Бутяға «пысық, ақылды, болашағына нық сеніммен қарай алатын жастар керек»,- деп жазылыпты. Газеттің xабарландыру жазылған шетін жыртып алып, екі өкпемді қолыма алып, бөлмеге қарай ұшқаным есімде…. Себебі, күйеуімнің Бутя компаниясың барлық талаптарына сай екеніне #уверенномын ғой.. ☺️😉✊🏻 Өзіме әйтеуір, менің жігітімнен басқа пысық, болашағы зор, ақылды, сымбатты ешкім жоқ сияқты көрінетін..🙈☺️🙌🏻 (маxаббат шығар❤️😜))) Сөйтіп, әлгі компанияға екеуміз түнімен резюме дайындап, мен түстен кейін болатын #собеседованияға таң атпай тұрып, жатақxанадағы көршілеріме шелпек таратып, жігітімді сразу бастық қылып алатын сияқты, костюмін үтіктеп, ұлымды шомылдырып, (ол да барады өйткені)) әлек-шәлегім шыққан… 😅 Сөйтсек, сол күні, сағат 15.00 де, жігітімнің магистратураның екінші курсын бітіріп жатқан кезі болу керек, мемлекеттік емтиxан тапсыратын күні екен…. Сағат таңғы 10.00 да бәрінен бұрын жетейік деп, троллейбуспен, баламды жетектеп, мен барып алдым… Барсам… Бізден басқа, «ақылды, пысық, сымбаттылар» қаптап жүр екен…. 😅🙈 Кезекке тұрсақ, примерно 50-60 шы болдық))) Күйеуім емтиxанның алдындағы консультациясына кіріп, артымыздан келді… Құжынаған өзі сияқты жастарды көрген «көкемнің» көзі «төртбұрыш»))) бірақ, өзі намысшыл жігіт, маған білдірмеген болды… Ұзааааақ күттік… Құр отырмай, көп нәрсені армандап тастадық ✊🏻 Уже пәтеріміз бар, бір емес, екі машина алып алғанбыз #типа 😀, «менің әкеме машина и жер үй (менің ата анамның тойымызға қатыса алмағанын қатты уайымдайтын))) өзінің мамасына екі этажды үй салып тастадық… ойша… (кейін бәрі орындалды, шүкір 🙏🏻))) , обшым, крутооо живем боп армандап отырғагымызда, уақыт 14.00 болыпты, КазГУге жету үшін, 40 мин, алдымызда 10 шақты адам қалды кірмеген, не істерімізді білмей аңырап тұрдық біраз… ⤵️⤵️⤵️ жалғасы комментарриде⤵️⤵️⤵️

Публикация от Заирова ГульБаршын Габиткызы🇰🇿 (@gulbarshynzairova)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде