jasqazaq.kz

Вице-министр журналистерден кешірім сұрады (видео)

13 ақпан 2019, 18:02

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин журналистерге айтқан дөрекі сөзі үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

«Мен журналистерге дөрекі сөйлегеніме өкінемін. Менің сөзімнің формасы мен үні қолайсыз болғанын мойындаймын. Сондықтан ресми түрде журналистерден кешірім сұраймын. Осы сұхбатта айтылғандай, мен журналистерді қызықтыратын сұрақтарға жауап беруге дайынмын», — деп жазады баспасөз қызметінің өкілдері вице-министрдің сөзін. ҰЭМ баспасөз қызметінің өкілдері диалог үшін әрқашанда ашық екенін мәлімдеді. «Өз тарапымнан, біз роликте қойылған сұрақтарға жауап беру үшін алаң мен спикер тауып беруге дайын екенімізді жеткізгіміз келеді. Маған хабарласуларыңызды өтінемін, қажетті мәліметті алу үшін шұғыл көмектесуге дайынмын», — деді министрліктің баспасөз қызетінің өкілі Самал Ибраева. Еске салайық, Желіде ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің қазақстандық телеарналарға сұхбат беріп тұрған сәтінде түсірілген видео жарияланды. Журналистер вице-министрге тарифтерге қатысты сұрақ қойған, осыған ол ашулана жауап беріп, олардың басқа шараға келгенін түсіндірген. «Мен кеше Парламентте тарифтер жайлы айттым. Бұл жерде ұсақ және орта кәсіп жайлы. Сіз маған осы жерде тарифтер жайлы сұрағыңыз келіп тұр ма? Ресми түрде маған келіңіз. Тарифтер жайлы басынан аяқ айтып беремін, блин. Жынымды келтірмеңізші», — деді Жұманғарин.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ҚҰРАЛАЙ ПИОНЕР (@pioner_kuralay)

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді