jasqazaq.kz

Вице-министр Кәринова кешірім сұрады

17 сәуiр 2020, 18:14

Қашықтан оқыту аясында түсірілген бейнесабақтарда орын алған қателіктер түзетілді. Бұл туралы онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Кәринова мәлім етті.

«Біз де осы қателерді көріп отырмыз. Шынын айту керек, қашықтан оқытуға мұғалімдер де, мектептер де дайын болмады. Сонымен қатар, жаңа формат аясында мұғалімдердің қобалжуы да көрінді. Екі аптаның ішінде 700-ден астам сабақ көрсетілді. Олардың басым көпшілігі демалыс кезінде түсірілген еді. Сондықтан жіберілген қателер үшін қоғамнан, яғни ата-аналардан, балалардан кешірім сұраймыз. 700-ден астам бейнесабақтың арасында екі сабақта қате кеткені мәлім болды», — деді Шолпан Кәринова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, аталған бейнесабақтар бірден көрсетілімнен алынып, кейін қайта түсірілді.

«Барлық телевизиялық сабақтардың қолжетімді Youtube-каналдарына жаңа бейнесабақтар орналастырылды. Ары қарай тексеру жұмыстарын күшейтіп, мұндай қателерді болдырмаудың барлық шаралары іске асырылуда», — деді Шолпан Кәринова.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия