jasqazaq.kz

Вице-министр әуежайда ұсталды ма?

22 ақпан 2021, 14:14

Мәдениет және спорт вице-министрінің жемқорлық қылмысына күдікті ретінде ұсталғаны туралы ақпарат YEDILOV ONLINE Telegram-каналында пайда болды. Онда шенеуніктің Нұр-Сұлтан – Дубай рейсінен түсірілгені айтылған.

Azattyq Ruhy жазғандай, аталған жайтқа қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласқан болатын. Антикордың ресми өкілі Нұрбек Нәбиев аталған жайтты растаған жоқ, бірақ жоққа да шығармады.

«Аталған жаңалыққа қатысты қазір ешқандай мәлімет бере алмаймын. Сұрақтарыңызды жұма күні өтетін брифингте қоя аласыздар», — деді баспасөз хатшысы Нұрбек Нәбиев.

Ал, Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, вице-министр Сәкен Мұсайбеков еңбек демалысына кеткен.

«Вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Сәкен Мұсайбеков 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік қызметкерлер еңбек демалысы үшін алдын ала хат жазып, жоспарлы түрде демалысқа шығады», — дейді министрліктің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Сәкен Мұсайбеков 2020 жылдың мамыр айынан бастап Мәдениет және спорт министрлігінде қызмет етуді бастаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия