
Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева уақытша денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндетін атқарады.
Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты.
«Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін уақытша вице-министр Лязат Ақтаева атқарады», — деді Ахметшәріп.
Айта кетейік, мұның алдында министр Біртанов айығып шыққанша оның міндетін үш вице-министр кезектесіп атқаратыны айтылған еді.
Tengrinews.kz