jasqazaq.kz

Вице-министр 30 жастан асқан студенттер жайында: ЖОО-ға диплом үшін барады

18 ақпан 2021, 17:01

30 жастан асқан студенттер жоғары оқу орындарына білім алуға емес, диплом үшін келеді. Мұндай пікірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.

«Өткен жылы 30 мыңнан астам студент білім алып жатқан бір жоғары оқу орнын тексердік. Оның жабылатындығы туралы жарияладық. Осы орайда біздің шешімімізге шағым түсіріліп, сот отырыстары жарты жылға созылды. Білім сапасының төмендігін және ЖОО-ның жабылатынын біле тұра бірде-бір студент басқа оқу орнына ауыстырылмаған», — деді М. Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, студенттер контингентінің жартысынан астамы 30 жастан асқан адамдарды қамтитын ЖОО-лар да бар.

«Бұл студенттердің білім үшін емес, диплом алуға келгенін түсініп отырмыз. 30 жастан асқан бұл студенттерде бірінші курстан бастап тұрақты зейнетақы аударымдары жүріп жатқанын атап өткен жөн, яғни олар жұмыс істеп жүрген адамдар. Нәтижесінде, біз қандай мамандарды көретініміз белгілі», — деді Мирас Дәуленов.

ҚазАқпарат

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді