jasqazaq.kz

Витебск қаласында Роза Рымбаеваның “жұлдызы” ашылды (видео)

12 шiлде 2018, 17:37

Роза Рымбаева Беларусь елінің Витебск қаласында сапарлап жүр. Халық артисінің жат елде жүруі бекер емес. Ол кезінде Димашқа жеңіс әкелген “Славян базары” байқауында төрелік етуде, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл орайда Беларусь елінің президенті еліміздің примадоннасына ерекше сый жасаған. Бұл туралы Рымбаева өзінің желідегі парақшасында жазды.

“Менің қымбаттыларым! Бүгін Витебск қаласындағы Жұлдыздар алаңында менің құрметіме аталған жұлдыз ашылды. Славян базары өнер фестивалін ұйымдастырушыларға және ел президенті Лукашенко мырзаға тамаша идеясы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен бақыттымын. Әрқашан да сіздердің Розаларыңыз”, – деді ол.

Әріптестері өнер иесін кезекті жетістігімен құттықтап та үлгерді. Мәселен, Тамара Асар Рымбаеваның бұл жетістігін күллі қазақ елінің жеңісіне балады.

“Сүйінші, құрметті отандастар! Бүгін Славян базары фестивалі аясында, Витебск қаласында “Жұлдызды Алаңда салтанатты түрде Қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Қуанышқызы Рымбаеваның жұлдызы ашылды. Жұлдызы жарқыраған жұлдызымыз айқындана түсті. Қуаныштымын сіз үшін, қазақ елі үшін! Құттықтаймын сізді!” – деді ол.

“Ура, ура, құттықтаймын! Роза Рымбаеваның өз жұлдызы бар”, – деп құттықтады Ләйлә Сұлтанқызы.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді