jasqazaq.kz

Вирус негізінен ауа-тамшы жолдары арқылы таралады

08 қыркүйек 2020, 11:52

Күз және қыс мезгілдерінде адамдар арасында вирустық инфекциялық аурулар жиілейді.

Жұмабек Бекенов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры:

«Вирустардың барлығы негізінен ауа-тамшы жолдары арқылы таралады. Оның алдын алу шараларына гигиена сақтау, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану жатады. Көшеде, қоғамдық көліктерде және басқа жерлерде маска киіңіз, оны 2-3 сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Сонымен қатар, бөлмені жиі желдетіп, ауаны ылғалдандыру қажет. Түскі уақытта таза ауада серуендеуге шыққан өте пайдалы. Мұрынды және ауыз қуысын тұзды ерітіндімен шайып, су, тәтті емес шырындар мен шайды көбірек ішкен жөн. Ал өзіңізді қорғаудың ең сенімді әдісі – тұмауға қарсы екпе салдыру. Вакцина жасасаңыз, бойыңызда вирусқа қарсы антиденелер пайда болады. Тұмауға қарсы маусымдық вакциналарды өндірушілер жыл сайын ДДҰ ұсынысы бойынша екпенің құрамын өзгертіп, маусымдық тұмаудың мутациялық түріне бейімдейді. Екпені дәрі-дәрмекке аллергиясы бар адамдардан басқаларының барлығы алған жөн. Кішкентай балалар, созылмалы ауруы бар азаматтар, қарттар мен жүкті әйелдер вакцинация жасауы қажет», — деді.

Еске сала кетейік, биыл тұмауға қарсы вакцина 10 қыркүйек пен 10 қараша аралығында жүргізіледі.

ҚазАқпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде