jasqazaq.kz

VIP-саунаның клиенттері жауапкершілікке тартылды

29 сәуiр 2020, 17:33

Алматыда VIP-саунаның директоры, қызметкерлері мен клиенттері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Саунаның жұмыс жасау фактісінің анықталғандығын Әуезов ауданының Полиция басқармаларының қызметкерлері тексерді. Ақпарат расталды. Кешеннің әкімшілік директоры, бас есепші, жүйелік әкімші, екі массажист, екі келуші, сондай-ақ ер адамдарға интимдік қызмет көрсеткен екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Біз бейнені мұқият зерттеп, карантин кезінде монша кешені келушілерге өз есігін екі рет ашқандығы анықталды: 26 наурыз бен 5 сәуірде. Осы кешенге келген азаматтар анықталып, төтенше жағдайды бұзғаны үшін әрқайсысы ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өткен түнде олардың екеуі сотталды және СМАС-пен әкімшілік қамауға алынды. Қалған құқық бұзушыларға қатысты шешім бүгін қабылданады”, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Спикердің айтуынша, сауна иесінің жеке басы да анықталған – 1965 жылы туылған С.есімді ер адам, қазіргі уақытта полициядан әдейі жасырынып жүр.

“Бірақ ерте ме, кеш пе ол анықталып, жауапқа тартылады. Біз тағы да азаматтарды заңды қатаң сақтауға және қоғамның қауіпсіздігіне бағытталған карантинді бұзбауға шақырамыз”, – деді Тұрсынбетов.

Ақпарат көзі: Polisia.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық