jasqazaq.kz

VIP-массаж салонда интим қызмет көрсететін топ анықталды

12 қыркүйек 2020, 11:32

Облыстық криминалдық полиция қызметкерлері «Стоп трафик» жедел алдын алу шарасы аясында интим қызмет көрсеткен топ ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Ақтөбе қаласының ескі бөлігінде орналасқан VIP-массаж салонында жыныстық қызмет көрсеткен притон анықталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде мекеме әкімшісі қызметін атқарған Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды.

Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен Атырау облысының үш әйелі қолға түсті. «Полиция департаменті осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, шектеу ережесін бұзғаны үшін материалдар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы, яғни, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша кінәлі адамдарды әкімшілік жауапқа тарту үшін Ақтөбе қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде