jasqazaq.kz

Венгрия мен Франция 33 жылдан кейін тең түсті

19 маусым 2021, 21:25

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Венгрия мен Франция кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске салсақ, аталған екі құрама F тобында сынға түседі. Қарсыластары – Португалия мен Германия. Алғашқы турда Франция Германиядан 1:0 есебімен басым түссе, Венгрия Португалияға 0:1 есебімен жол берді. Екі құрама бұған дейін 25 мәрте кездесті. Оның 14-де венгрлер жеңіске жетіп, 8-де француздар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Бүгінгі кездесуде ойын басынан француздар алға қарай ұмтылды. Гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен оны пайдалана алған жоқ. Есесіне бірінші кезеңнің соңына таман Венгрия сапынан Аттила Фиола өз құрамасын алға шығарды. Екінші кезеңде француздар таразы басын теңестіру жолын іздеді. Нәтижесінде 66-минутта Антуан Гризманн мергендік танытты. Кездесуде қос құрама 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасты. Айта кетейік, екі құрама 1988 жылдың 27 сәуірінде өткен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде 2:2 есебімен тең түскен еді. Содан бергі екі кездесуде де Франция жеңіске жеткен болатын. Еске салсақ, аталған топтағы тағы бір кездесуде елорда уақытымен 00.50-де Португалия мен Германия шеберлік байқасады. Бұл топтағы үшінші турда 23 маусымда Германия мен Венгрия, Португалия мен Франция жасыл алаңға шығады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия