jasqazaq.kz

Венгрия Қытай мен Ресейден вакцина сатып алудан бас тартты

25 қараша 2021, 10:24

Венгрия бұдан былай Ресей мен Қытайдан вакцина сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euractiv-ке сілтеме жасап.

Венгрия Еуропалық Одақтың вакцина сатып алудағы келесі кезеңдеріне қатыспайтынын, қазіргі уақытта елде жеткілікті деңгейде дәрі-дәрмек бар екенін мәлімдеді.

«Үкімет Еуроодақта вакцина сатып алудың екінші кезеңіне қатыспау туралы жауапты шешім қабылдады», — деді Венгрия премьер-министрі әкімшілігінің басшысы Гергели Гуяш.

Оның айтуынша, қазір елде 10 миллион доза вакцина бар, ол тіпті үшінші дозаға да жетеді. Бұл ретте Сыртқы істер министрі Питер Сиярто Ресей мен Қытайдан 5 миллион доза вакцина сатып алу туралы кезекті тапсырыстың кері қайтарылатынын хабарлады.

«Қазір біз «Спутникпен» де, Sinopharm-мен де Венгрияға жаңа жеткізілімдер туралы келіссөздер жүргізіп жатқан жоқпыз. Вакцинаның келесі партиясында шығыстан вакцина болмауы мүмкін. «Спутник» және Sinopharm жеткізушілері біз бұрын қол қойған келісімшарттарды орындады», — деп түсіндірді Сийярто.

Еске салайық, Венгрия 2020 жылдың қарашасында зерттеу үшін «Спутник V» вакцинасының үлгілерін алған ЕО-ның алғашқы елі болды. 2021 жылдың басында Венгрияның Ұлттық денсаулық орталығы ресейлік «Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын пайдалануға рұқсат берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде