jasqazaq.kz

Венесуэла әскері соғыс жағдайына өтті

20 ақпан 2019, 12:12

Венесуэла әскері соғыс жағдайына өтті. «Неміс толқыны» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Венесуэла армиясы ұрыс жағдайына өтіп, Аруба, Бонэйра және Кюрасао автономиялық аралдық аудандарымен арадағы шекараларды жауып тастады.

Олардың бұндай қадамға баруының басты себебі АҚШ-тан келетін гуманитарлық көмекті өткізбеу. «Армия елдің территориялық тұтастығын қорғайтын болады» — деп мәлімдеді Венесуэла қорғаныс министрі Владимир Падрино. Бұған дейін оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдо президент Николас Мадуроның үкіметінен АҚШ-тан келетін гуманитарлық көмектерге 23 ақпанға дейін кедергі келтірмеуді сұраған және Венесуэла армиясын «Конституция жағына шығуға» шақырған. Бірақ Николас Мадуро: «АҚШ гуманитарлық көмек желеуімен Венесуэлаға әскер кіргізбек. Біз Ресей, Қытай, Түркия және БҰҰ-дан келетін 300 тонна гуманитарлық көмек күтіп отырмыз» — деп мәлімдеген. 18 ақпан күні АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэла армиясына ескерту жасап: «Егер сендер бұл жолдан (Мадуроны қолдаудан) таймайтын болсаңдар, жауапкершіліктен құтылмайсыңдар, барлығынан айырыласыңдар» — деген.

«The Qazaq Times»

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде