
Нұр-Сұлтанда велосипед ұрлаған ер адам видеоға түсіп қалды. Күдікті ұсталды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті сілтеме жасай отырып, Tengrinews.kz хабарлайды. Ұсталған ер адамның жергілікті 20 жастағы тұрғын екені анықталды.Тергеу барысында оның бұл қылмысты алдын ала ойластырғаны анықталды.»Велосипед иесінің жоқтығын пайдаланып, көлік құралын алып кетіп, оқиға орнынан жасырынған. Иесіне 42 мың теңге шығын келтірілді. Қазіргі уақытта велосипед иесіне қайтарылды. Ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның осыған дейін де ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды», — дейді полицейлер.