Америкадағы «вейперлер дерті» қазақстандық БАҚ-тың басты тақырыптардың бірі болып қала бермек. Сарапшылар мұны өзін-өзі жарнамалау үшін қолдануға тырысады. Әрине, олар не туралы айтпайды десеңізші?! Бірақ, басты сұрақ басы ашық күйінде қалып қоюда: анашасы бар вейп-сұйықтықты жақсы көрушілердің ажалы неден болды?
Қызық, бірақ дәл осы сұраққа қатысты АҚШ-тың ресми билігі әлдеқашан түсіндірсе де, қазақстандықтардың басым көпшілігі сол күйі жауап ала алмады. Әлеуметтік желілерде қолданушылар кімге және неге сену керектігін білмей болжам жасауда. Жақында «әділет періштесі» деген лақап атпен авторлардың бірі Facebook-те осы тақырыпта эмоционалды пост жариялады. Автор қандай да бір қоғамдық ұйымның ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің атынан мәлімдеме жасағанына, тіпті қымсынбастан ұшқары пікір айтқанына таң қалады.
Посттың тақырыбы «Америкадағы кейбір ақымақтықтардың кесірінен: вейп туралы бес тиынымды қосуға рұқсат етіңіз» деп аталады. Автор орталық телеарналардың бірінде сөйлеген ақ халатты спикердің вейперді, «айкос» сияқты темекіні қыздыруға арналған құралдарды, қорқор мен кәдімгі темекінің бәрін араластырғанына таң қалады. Дәрігер бола тұра қолында ешқандай ғылыми дәлелсіз әрі мәселені жөнді түсінбесе де, елді үрей құшағына итермелейді.
«Алты айдан бері Айкостың белсенді тұтынушысымын және соңғы күндердің бірінде «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» мені кенеттен АҚШ-тағы адам өліміне байланысты вейп шегуден және электронды темекіден бас тартуға» шақырған кезде мен қатты таңқалдым. Бұл қандай сандырақ? Мен бұл гаджетті бірнеше айдан бері қолданамын, бұл вейп және электронды темекі емес. Менің жөтелім және демікпем басылды, қазір мен бесінші қабатқа дейін жүгіріп шығамын,темекі шеккеннен гөрі өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін. Міне, осы арада түсініксіз бір ұйым (олар тіпті, денсаулық сақтау министрлігімен байланысты деп естідім) мені электронды темекіні тастауға шақыра ма? Бұл Америкада жасанды сұйықтықты вейпіне құйған ақымақтардың кесірінен бе? »- деп таң қалдырады пост авторы.
«Періште» — электронды темекі деп тек вейптерді (никотин бар сұйықтықты буландырғыш) деп атамайтынын, сонымен қатар IQOS немесе Glo сияқты құрылғыларда сұйықтық буланып кетпейді және темекі күйіп кетпей қызатынын ескеру керек деп жазады. «Бұл құрылғылар мен вейптерде жұмыс принципіне мүлде басқаша, темекіні қыздыру жүйелері вейптерге ешқандай қатысы жоқ. Бірақ, бұлар да электронды темекі», — дейді автор.
Айта кетейік, БАҚ-тағы басқа авторлар мынадай мәселе көтерді: «вейперлер дерті» жайлы айта келе, электронды темекінің әр түрлі түрлерін нақты ажырату керек. Буды шығаратын сұйықтықтың буландырғыштары бар, сонымен қатар темекіні 300-350 градусқа дейін қыздыратын құрылғылар да бар. Бұл температурада темекі түтіні немесе жану болмайды, қыздыру нәтижесінде никотин мен хош иісі бар аэрозоль буланады. Бұл никотинді тұтынудың электронды жүйесі, бірақ ол мүлде басқа типтегі және мұндай құрылғыларды вейп-сұйықтықпен араластыру – тақырыпты білмеу дегенді білдіреді. Алайда, теледидар экранынан және БАҚ беттерінен кейбір жалған сарапшылар соңғы апталарда халықты үрейлендіріп, шатастырып бітті. Ал Қазақстанда көптеген адам денсаулықтарын сақтау мақсатында түтінсіз темекіге ауысты емес пе?
«Бізді кім және не үшін шатастырып отыр», — деп жазады пост авторы. Мұндай үрейлі оқиғаларды жариялауға БАҚ пен телевидениеге кім тапсырыс берді?
«Вейп пен вейперлердің пайдасы үшін бес тиынымды қосуға рұқсат етіңіздер. Мен сияқты олар да түтіннің орнына буға жақсы өмірден ауысқан жоқ. Ерік-жігерімен темекіні тастауға өзін мәжбүрлей алмаған адамдар. Бірақ, олар темекіні тастап, никотинді тұтынудың зияны аз әдісіне көшті. Ал сіз оларды қазір не нәрсеге үндеп тұрсыз? Неліктен олар есірткісі бар жасырын вейп-сұйықтық сатып алған әлдебір американдық ақымақтардың кесірінен бас тартуы керек?» — деп сұрайды Facebook қолданушысы.
«Жақында мен «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» вейптің салдары туралы зерттеу жүргізуге уәде бергенін оқыдым. Ендеше, қайда олар? Зерттеу деректері болмаса да, дереккөздерге сілтеме жасамастан неліктен қорқынышты мәлімдемелер жасайды? Металдар, канцерогендер, улар және басқа да уланулар туралы қалай айтады? Қандай да бір түсініксіз ұйымдар біздің денсаулық сақтау министрлігі атынан осындай мәлімдемелер жасағанда, қайда қарайтынына таңым бар».
Айтпақшы, жазылған пікірлердің бірқатары уәде етілген зерттеулердің жоқ екендігін айтады, бірақ орталық өкілдері дереккөздерге сілтеме жасамай, бірінен соң бірі қорқынышты мәлімдемелер жасайды. «Біресе зияны туралы зерттеу жүргізбекші, біресе олардың зиянды жариялайды. Демек, зерттеу бар ма? Егер бар болса, танысуға бола ма?» — деп жазды пікір жазушылардың бірі.
Пікір жазғандардың кейбірі бізде ондай ештеңе болмағандықтан, Қазақстан билігі АҚШ-тағы «көңілді сұйықтықтың» салдарынан неліктен соншама шиеленіскенін сұрайды. «Америкадағы вейптің Қазақстанға қандай қатысы барын түсіндіріңізші. Бізде есірткі заттарын сатпайды ғой», — дейді таң қалған тағы бір оқырман.
Шынында да, бұл ақпараттық науқанда түсініксіз жайттар көп. Мұндай күмәнді спикерлердің (оларды «сарапшылар» деп атау қиын) жалпы республикалық телеарнаның эфирінде қалай пайда болғаны да белгісіз. Әрі неліктен олар басты нәрсе туралы үндемеді? Америкада вейперлердің өліміне не себеп болғаны жайлы жақ ашпады.
«АҚШ-ғы вейперлердің ажалына жертөледе жасалған жасанды сұйықтық қосылған Е дәрумені бар май қоспасының себеп болғандығы мақалалардан белгілі», — деп жазады автор. Медициналық дерек: кез-келген май өкпеге зиян, ісінуге дейін апарады. Американдық денсаулық сақтау министрлігі мұны нақты дәлелдеген. Яғни, вейп-сұйықтықтың құрамында май болмауы тиіс, әрине шамадан тыс қосылған есірткінің араласпауы да екібастан белгілі. Сертификатталған өндірушілердің ресми дүкендерінен заңды сұйықтықтарды сатып алыңыз да, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Базарлар мен жертөлелерден сатып алмаңыз. Міне, біздің денсаулық сақтау министрлігі осыны жариялауы керек еді. Еуропада, Жапонияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда, Англияда бірде-бір вейпер қайтыс болмақ түгілі, ауырған да жоқ, себебі оларда бұл қатаң сақталады.
Қоғамдық денсаулық сақтау орталықтары да біздің денсаулық сақтау министрлігінің бұл мәселені шешетін уақыты жетті деп санайды.
Шынымен де, Қазақстандағы миллиондаған темекі шегушілерді мазалайтын бұл мәселе бойынша денсаулық сақтау министрлігі өзінің пікірін білдіретін кез келді. Бірталай уақыт өтті ғой, тергеу нәтижелері де бар, американдық жасөспірімдердің неден өлгенін және біздің вейперлердің неден қауіптенуі тиіс екендігі туралы ақиқатты айтуға уақыт келді. Дилетанттық болжам емес, ғылыми негізделген, ресми, зерттеулермен мақұлданған және расымен де проблеманы медициналық көзқарас тұрғысынан көрсететін байсалды байлам айту қажет.