jasqazaq.kz

Ванес Мартиросян: Әйелім Головкиннің жанкүйері

26 сәуiр 2018, 11:09

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) кезекті қарсыласы Ванес Мартиросян (36-3-1, 21 КО) өз әйелінің GGG-ға жанкүйер екенін айтты.

«Мен баршаға өзімнің қаншалықты мықты екенімді көрсетуге мүмкіндік алғаныма қуаныштымын және өзімді өте жақсы әрі күшті сезінемін. Біз Головкин екеуіміз мексикалық емеспіз, алайда Синко де майо мерекесінде барша жанкүйерлерге екеуіміз нағыз мексикалық жауынгерлердің айқасын көрсететінімізге сенімдімін»-, деді Мартиросян boxingscene.com-ға берген сұхбатында. Сондай-ақ, ол әйелінің GGG-ға жанкүйер екенін де айтты. «Менің промоутерім Дон Кинг Головкинмен жұдырықтасу мұмкіндігі туралы хабарласқанда, бірден келісім бердім. Келісімге келгенімізді білгеннен кейін, мен өз әйелімнен менен басқа қайсы боксшыны жақсы көретінін сұрадым, ол Геннадий Головкин деп айтты. Сондықтан, мен енді оны (GGG- авт.) аямай ұруыма тура келді»-, деді Мартиросян. Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян кездесуі 5 мамырда Лос-Анджелес маңындағы Карсонда (Калифорния штаты) StubHub Center аренасында өтеді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде