jasqazaq.kz

Вакцинация. Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

28 мамыр 2021, 15:46

Қазақстанда вакциналау төлқұжатына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандық мессенджерлерде «eGov mobile» -дағы электрондық вакциналау төлқұжаты кейбір ұйымдарда жарамсыз болып саналады және «Sputnik V» вакцинасын алғандарды қабылдайтындар тізіміне енген мемлекеттер, шындығында оларды кіргізбейді» деген хабарлама тарай бастады. Ал адамның коронавирусқа қарсы вакцина алғанын растау үшін Санитарлық-эпидемиологиялық комитет беретін-мыс мөртаңбасы бар ресми бланкіге тапсырыс беру керек екен. Кейбір хабарламада мұндай вакциналаудың қағаз төлқұжаты шамамен 1500 теңге тұрады деп көрсетілген.

Түсініктеме алу үшін біз ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне хабарластық.

Бұл — ақпарат жалған. Комитет вакциналау төлқұжатын қағазға басып шығармайды, таратпайды. Барлық ұйымдарда eGov mobile-да орналастырылған электрондық вакциналау төлқұжаты жарамды. Атап айтқанда, электронды төлқұжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде, сондай-ақ Sputnik V вакцинасы салынған адамдар кіруге рұқсат етілген елдерге кірген кезде жарамды, — деп хабарлады құзырлы мекеме.
Сонымен қатар олар шілдеден бастап вакциналаудың толық циклын аяқтаған барлық адамдар Ashyq-та «жасыл» мәртебеге ие болатынын еске салды.

«Жасыл» мәртебе — бұл толықтай емін-еркін қозғалыстың белгісі. Бұрын 72 сағатқа жарамды ПТР тесті бар адамдар ғана осындай мәртебеге ие болған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия