jasqazaq.kz

Вакцинаның екінші дозасын алуға келген бойжеткенге басқа екпе салып жіберген

02 маусым 2021, 13:58

Қарағандыда 19 жастағы қызға коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ekaraganda.kz басылымына сілтеме жасап.

Қызға қытайлық вакцинасының бірінші компоненті егілді. Екінші компонентті алуға келгенде оған ресейлік Sputnik-V егілді. Оқиға туралы қыздың анасы Ольга Величко айтып берді.

«Медицина қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауға немқұрайлы қарауынан, менің қызыма қате түрде коронавирустық вакцинаның дұрыс емес компоненті енгізілді. Бірінші компонент жеке медициналық ұйымда қабылданды. Бұл араб вакцинасы. Вакцинация екінші компоненттін қабылдау кезінде алгоритмі сақталмады. Крылова көшесі, 44 мекен-жайы бойынша 1-емханада вакцина алдында дәрігер қызымның қысымын да, температурасын да, қан деңгейін де өлшеген жоқ», — деді Ольга Величко.

Қызға бірінші қытайлық вакцина салынғанына қарамастан, медбике ампуланы көрсетпей, ресейлік вакцинаны байқатпай салып жіберген.

“Қызымнан кейін, екпе салдыруға әпкем кірген. Ол өзіне Sputnik-V вакцинасын салып жатқанын байқап қалған. Шу шығарғаннан кейін ғана қызыма қытайлық емес, ресейлік вакцина салынғаны белгілі болды. Мен Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасына шағым жаздым, жауабын күтемін. Қызыма ешқандай зияны тимейді деген үміттемін”, – дейді келіншек.

Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға ешқандай түсініктеме берген жоқ, тек қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде