
ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова медицина қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцина егу жайлы, Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.
«Бүгінгі таңда 13 301 медицина қызметкеріне екпе егілді, 218 медицина қызметкерін вакциналау (медициналық көрсеткіштер бойынша) кейінге қалды. 130 медицина қызметкері немесе 0,9% вакцинациядан бас тартты», — деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тілші сұрағына берген жауабында.
Есмағамбетованың айтуынша, екпе салдырудан бас тартқан медицина қызметкерлері жазаланбайды.
«Жалпы, вакцинация – ерікті процесс. Ол вакцина алушының ақпараттандырылған келісімі түсіндірілген соң жүргізіледі. Сондықтан вакцинациядан бас тартқан адамдарға ешқандай санкциялар қарастырылмаған», — деп қорытындылады дәрігер.