jasqazaq.kz

Вакцина: Шетел компанияларымен келіссөз жүргізіліп жатыр

21 сәуiр 2021, 21:44

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакциналарды жеткізу бойынша шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізіп жатыр. Дәлірек айтсақ, сәуір айының соңына қарай 500 мың қазақстандыққа «Пфайзер», «Синофарм» және «Джонсон-Джонсон» сияқты өндірушілердің вакцинасы салынуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал қазақстандық вакцинаның тағдыры сол күйі. Әзірге отандық өнім үшінші сынақ мерзімінің жартысына келіпті. QazVac-тың 50 мың дозасы осы айдың аяғына дейін өндірілмек. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан вакцинасының 15 миллиондай дозасы Түркияда өндірілуі керек болатын. Алайда шенеуніктер айтқанынан тартынып отыр. Түріктермен нақты келісім жоқ екен. Сәуір айының аяқталуына тоғыз күн қалса да, денсаулық сақтау министрлігі жоспардағы 2 миллион адамды егеміз деген сенімде. Қазір ресейлік вакцинаның бірінші компоненті 800 мыңдай тұрғынға салынса, екіншісін тек 120 мыңнан астам адам қабылдапты. «СҚ-Фармацияның» қоймасында «Спутниктің» 900 мың дозасы бар. Вакцина толық алынбағандықтан, Қазақстанда ұжымдық иммунитет әлі қалыптаспаған. Індет соның кесірінен көбейіп, тіпті 800-дей қазақстандық коронавирусты қайта жұқтырыпты.

Зәуре Ахметова, ҚР ДСМ санитария-эпидемиология бақылау комитеті төрағасының орынбасары:

— Әлемде пандемияның басталғанына екінші жыл. Барлық елде коронавирусты қайта жұқтыру деректері сараланады. Қазақстан да бұл бағытта жұмыс істейді. Қолда бар мәліметке сәйкес, қазір Қазақстанда 800 мыңдай адам COVID-19-ды екінші рет жұқтырды. Әр ауру жағдайымен эпидемиолог мамандар жеке-жеке танысады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия