jasqazaq.kz

Вакцина дұрыс салынбаса, адам қайтыс болуы мүмкін

20 тамыз 2020, 15:34

Ресейде медицина қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі «Денсаулық сақтау» қоғамдық ұйымның басшысы, дәрігер Максим Стародубцов коронавирусқа қарсы вакцинаны дұрыс салмаудың қаупі туралы айтты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, алкоголь ішкеннен кейін немесе дене қызуы көтеріліп тұрғанда вакцина салынса, адам қайтыс болуы мүмкін.

«Әсіресе дене қызуы көтерілген кезде салу — аса қауіпті, себебі ол кезде ағза әлсіз болады. Қосымша жүктеменің салдары ауыр жағдайларға әкеп соғуы мүмкін», — деді дәрігер Ura.ru басылымына берген сұхбатында.

Маманның айтуынша, коронавирусқа қарсы препарат әзірге «шикілеу» болғандықтан, оның басқа да кері әсері болуы мүмкін.

Сондай-ақ ол жаппай вакцинациялауды стационарда жасауды ұсынды. Сонда науқастың ағзасы препаратқа қандай реакция беретінін тексеріп отыруға болады деп есептейді.

Еске салайық, 12 тамызда Ресейдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко ресейлік вакцинаның бірінші партиясы екі аптадан кейін шығарылатынын және алдымен оны дәрігерлер алатынын айтқан.

11 тамызда РФ президенті Владимир Путин елде COVID-19 инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцина тіркелгені туралы мәлімдеді. Вакцина «Спутник V» деп аталады. Препарат тамыз айының ішінде шығарылады. Азаматтарға 2021 жылдың қаңтарынан бастап салынады. Бұл екпені салғаннан кейін адам ағзасында 2 жылға дейін иммунитет болады деген болжам бар.

Tengrinews.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия