jasqazaq.kz

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың соты 21 желтоқсанда өтеді

20 желтоқсан 2022, 14:17

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасына қатысты вайнерлердің ісі бойынша сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алғашқы сот отырысы Алмалы ауданының қылмыстық істер жөніндегі сотында 21 желтоқсан күні сағат 15:00-де өтеді»,- делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.

Қаржы пирамидасы ісі бойынша А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған.

Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды.

Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша айып тақты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде