jasqazaq.kz

В.Жириновский митингке келушінің бірімен жаға жыртысты (видео)

10 қыркүйек 2018, 13:02

ЛДПР партиясының басшысы Владимир Жириновский Пушкин алаңында өтіп жатқан наразылық акциясына барып, митингке келушінің бірімен жаға жыртысты.
Baq.kz жазғандай, зейнет жасын ұлғайтуға қарсы ұйымдастырылған наразылық шарасына келушілер ресейлік саясаткерді жақтырмай қарсы алды. Әр жерден «Клоун», «Позор» деген дөрекі сөздер айтылып жатты. Жириновский намысына тиетін сөздерге шыдай алмай сөз қайтарған, осы кезде митингке келушілердің бірі оған жұдырығын ала жүгірген. Нәтижесінде екеуі төбелесіп, жерде домалап жатты. Жириновский жағасынан алған адамға психиатриялық ауруханаға қаралуына кеңес беріп, үш жыл түрмеде отырғызатынын айтып, сес көрсетті. Митингке келушілер жан-жақтан оған ысқырып, тіптен біреуі аяқ киімін лақтырған.
Дегенмен Жириновский акцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеу мүмкіндігін алды. Сөз арасында ол Мемлекеттік Думада зейнет жасына қатысты реформаны қолдап, дауыс бермегендігін айтты. Сондай-ақ наразылық танытушыларды заң бұзбауға шақырып, бұл үшін жауапкершілікке тартылуылары мүмкін екендіктерін айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=1NWMpaxWlk8

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді