
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында утилизациялық алымның жаңадан бектілген мөлшерін айтты.
Утилизациялық алымды жинау міндеті халықтың наразылығынан кейін «Оператор РОП» ЖШС-нан «Жасыл дамуға» берілді.
Роман Склярдың айтуынша, Утилизациялық алым мөлшері 50 пайызға азайды.
«Автомобиль мен өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасының барлық түрі бойынша утилизациялық алым мөлшерлемесі 50 процентке төмендетіледі», – деді ол.