jasqazaq.kz

Усейн Болт тұңғыш рет футбол алаңына шықты (видео)

01 қыркүйек 2018, 22:32

Аты аңызға айналған желаяқ Усейн Болт тұңғыш рет кәсіпқой футбол алаңына шықты. Ол австралиялық «Сентрал Кост Маринерс» сапында «Сентрал Кост Селект» командасына қарсы матчтың 72-минутында жасыл алаңға аяқ басты.

Осы сәт таспаланған видео ESPN UK YouTube-каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Болт шыққанда оның командасы 6:0 есебімен жеңіп жатқан. Оның гол салатын тамаша екі мүмкіндігі болды. Алайда ол қақпаға допты дарыта алмады. Ойын 6:1 есебімен аяқталып, «Маринерс» жеңіске жетті. Спринт королі Болт бұған дейін бірнеше мәрте футболшы ретінде бақ сынап көрмек болып талпынған. Алайда команда таппай біраз жүрді. Усейн Болт — 8 дүркін Олимпиада, 11 дүркін әлем чемпионы. Ол 100 метр (9,58 секунд) және 200 метр (19,19 секунд) қашықтыққа жүгіруден Жер шарындағы қазіргі рекордтың иегері. Ямайкалық спортшы жеңіл атлетикадағы спорттық мансабын 2017 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтаған болатын.

https://youtu.be/m45mhMLTdsw

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді