jasqazaq.kz

Усэйн Болт әлем чемпионатында мәре сызығына жете алмады (видео)

13 тамыз 2017, 9:41

Усэйн Болт өз спорттық жолындағы соңғы жүгіруінде оқыстан жарақаттанып қалды. Бұдан бұрын сегіз дүркін олимпиада чемпионы атанған спринтер спортпен Лондондағы Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып қоштасқысы келетіндігін мәлімдеген еді.

Өкінішке орай, аты аңызға айналған ямайлық желаяқ Лондондағы жеңіл атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында 4х100 эстафетаның соңғы төртінші айналымында жүгірген еді. Бірақ мәре сызығына жақындаған кезде ақсаңдаған күйі жүгіретін жолға құлады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол жамбасынан жарақаттанған. Сондай-ақ осы қашықтықта Ямайканың ерлер құрамында Омар Маклеод, Джулиан Форт, Йохан Блэйктер де жүгірді. Болт соңғы бәсекенің қорытынды кезеңінде оқыстан жарақат алып, мәре сызығына жетпей тоқтады. Оқыс жағдай туралы видео YouTube-тегі Sportixer арнасында пайда болды. Эстафетада 37,47 секунд көрсеткішімен Ұлыбритания командасы жеңімпаз атанды. Екінші болып мәре сызығын -америкалықтар (37,52) қиды, үшінші — жапондықтар (38,0).

 

https://youtu.be/vObySk_mad0

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде