jasqazaq.kz

Университет есірткі саудасының ордасы болып шықты

20 шiлде 2019, 10:54

Білім ордасындағы былық. Шымкенттегі университеттің бірінің спорт залында есірткі притонының жұмысы әшкереленді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жоғары оқу орнының дене шынықтыруға арналған бөлмесі героин мен анаша саудасын қыздырған базарға айналған. Осы жақта сатылып, тіптен тұтынатындар топтасатын болған. Арнайы операция жүргізген тәртіп сақшылары тәркіленген есірткінің бірнеше түрін сараптамаға жіберді. Дегенмен, полиция департаменті әзірге аталмыш притонның қанша уақыттан бері жұмыс істегенін және ұйымдастырушылар мен ұсталғандар туралы айтуға асықпайды.

Әсел Сәденова, Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы:

— Аталған жәйт бойынша ҚР ҚК-нің 302 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық