jasqazaq.kz

Уланған 36 бала ауруханаға жатқызылды

19 наурыз 2021, 16:28

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебіндегі тамақтан уланған 36 оқушы Өскемендегі медицина мекемесіне жатқызылған.

Бұл жайлы аймақ басшысы Даниал Ахметов өзінің Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды. «Бозанбай орта мектебі оқушыларының денсаулық жағдайларына байланысты жаппай шағым түсті. Балалардың дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, құсып, іштері өткен. Қазіргі таңда барлығы 82 бала дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Олардың 36-сы Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жатқызылды. Балалар дәрігерлердің бақылауында, жағдайлары қалыпты. Алдын ала қойылған диагноз – жедел ішек инфекциясы», — деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, кешелі бері Бозанбайда арнайы комиссия жұмыс істеуде. Оның құрамында облыстың бас педиатры, эпидемиолог, инфекционист, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары және аудан әкімі бар. «Бүгін ауылға қарай Білім мен Денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары және облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары жолға шықты. Мектептегі тамақтандыруды асхананы жалға алған жеке кәсіпкер ұйымдастырған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 304-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Әрине, бұл уәкілетті органдардың тамақтандыру жұмысын жүйелі бақылауға алмағандығының салдары. Сондықтан, жауапты тұлғалар жазаға тартылады», — деді Даниал Ахметов.

Сондай-ақ барлық мектеп, мектепке дейінгі және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге тексеру ұйымдастырылмақ. Ата-аналарға тұрақты түрде жедел және нақты ақпарат беру қажеттігі ескертілді. «Сонымен қатар Ана мен бала орталығында емделіп жатқан балалар да ата-аналарымен телефон арқылы байланысқа шығып отырулары қажет. Кешеден бері мектеп карантинге жабылған. Оқушылар қашықтан оқу форматына көшірілді», — деді өңір басшысы.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия