Иран әуежайының өкілдері украиналық ұшақтың апатқа ұшырау себебін атады, — деп хабарлайды РИА Новости. «Ұшақтың қозғалтқышында болған өрт жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына себеп болды», — деп мәлімдеді әуежайдың ресми өкілі IRNA агенттігіне берген сұхбатында. Осыған дейін Иранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортында болған барлық адам қаза тапқаны хабарланған енді.