jasqazaq.kz

Украиналық сарбаз қарудан оқ жаудырып, 5 адамды өлтірді, 5-еуі жарақаттанды

27 қантар 2022, 14:35

Украинада Ұлттық гвардия сарбазы 4 әскери қызметші мен 1 әйелді атып өлтірді, тағы 5 адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат УкрИнформ агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, оқиға Днипрде Оңтүстік машина жасау зауытының аумағында болды.

«Полицияға Ұлттық гвардия сарбазының автоматты қарудан оқ жаудырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соның салдарынан төрт әскери қызметші мен азаматтық бір әйел оқиға орнында қаза болды, тағы бес адам жарақат алды. Ер адам қолына қару ұстаған күйі оқиға орнынан ізін суытты», — делінген ақпаратта.

Ер бала 2001 жылы Одесса облысында дүниеге келген, Ұлттық гвардияның әскери қызметшісі. Оқиға орнына дереу Ұлттық полицияның Днепропетров облысы бойынша басшылығы, жедел-тергеу тобы, криминалист сарапшылар, барлық салалық қызметкерлер шыққан. Днепропетров және көршілес облыстарда полиция арнайы операция жүргізуде. Күдіктіні іздеуге полицияның барлық қызметтері тартылған. Қайғылы оқиғаның мән-жайын Украина елінің Мемлекеттік тергеу бюросы және әскери прокуратура өкілдері анықтайтын болады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық