
Желіде Украинадағы ұшақ апаты болған жерде түсірілген алғашқы видеолар пайда болды. Бүгін Львов әуежайының маңында ұшақ апатты жағдайда қонып, бірнеше адам көз жұмған еді. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Украиналық депутат Игорь Зинкевич Facebook желісінде апат орнында түсірілген фотосуреттер мен видео жариялады.
Бұған дейін БАҚ-та апат салдарынан 4 адамның көз жұмғаны хабарланған еді.
Алайда Украинаның инфраструктура министрі Владислав Криклийдің мәліметінше, апаттан 5 адам мерт болған.
Ұшақ бортында жалпы саны 8 адам болыпты: экипаждың 4 мүшесі мен жүкті жеткізуші ер адам.
https://www.facebook.com/igor.zinkevych/videos/2492901187430158/