jasqazaq.kz

Украинада туған әр бала 18-ге толғанда жер қойнауы байлығынан қаражат алады

21 наурыз 2021, 10:48

Украинада «экономикалық төлқұжаттар» енгізіледі, оған сәйкес елде туған балалар 18 жасқа дейін жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан дивиденд (үлеспайда) алады, Бұл туралы ел президенті Владимир Зеленский айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Зеленский Конституцияға сәйкес жер қойнауы бүкіл Украина халқының меншігі екенін еске салды.

«Украина халқы деп саналып, жер қойнауын иеленіп, пайдалана алатын адамдар тізімі болған кезең артта қалды. Жақында біз менің сайлау алдындағы уәделерімнің бірін, оның ішінде, Украинаның экономикалық төлқұжатын жүзеге асыруды ұсынамыз.

Оған сәйкес, Украинада туған барлық бала 18 жасқа дейін Украинаның жер қойнауын өндіру мен пайдаланудан қаражат ала алады, олар банктегі жеке депозиттік шотында жинақталады және кәмелетке толғаннан кейін оларды Украинада жоғары білім алуға жұмсай алады», — деді Зеленский азаматтарға арналған бейне хабарламада.

Сондай-ақ, президент жергілікті билік Украинаның кейбір аймағында карантиннің қатаңдауына түсініктеме берді.

«Меніңше, шаралар «шектеу бар, қолдау жоқ» не «ақша жоқ, бірақ шыдаңыздар» деген формат бойынша қабылдана алмайды.

Қаңтарда Украинада локдаунның енгізілуімен қатар, менің тапсырмам бойынша, Үкімет қолдау кешенін дайындады: бұл адамдар мен бизнеске тікелей қаржылық көмек, балаларға көмек, ішінара жұмыссыздық бойынша өтемақы, салықтық демалыстар және басқа да бірқатар ынталандырулар», — деді президент.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия