jasqazaq.kz

Украинада президент сайлауының екінші туры өтеді

01 сәуiр 2019, 16:25

Украина Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Слипачук президент сайлауынан кейінгі дауыстарды санау түні дауыс беру күніндегідей тыныш өткенін мәлімдеді. Бұл жайлы ол пресс-конференция барысында айтты, деп хабарлайды Укринформ.

«Біз үшін сайлау күні ғана емес, одан кейінгі учаскелік сайлау комиссияларында дауыс санау кезеңінде жүйелі заң бұзу фактілерінің кездеспеуі — атап айтарлық жайт», — деді Слипачук. Учаскелік сайлау комиссиялары сайлаушылардың дауыстарын санауды заңға сәйкес жүзеге асырды. Сонымен қатар, ОСК төрағасы алдағы уақытта сайлаудың екінші туры өтетінін және ОСК алдында қысқа мерзімде бірінші турды қорытындылау және 21 сәуірдегі президент сайлауына қайталап дауыс беруді тағайындау туралы хаттамаға қол қою сынды «ауқымды тапсырмалар» тұрғанын атап өтті. Украинаның Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Наталья Бернацкаяның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы қабылдаған шағымдардың көпшілігі елеулі бұзушылықтарға қатысты емес және жалпы жағдайда қаралады. 31 наурыз күні Украинада кезекті президент сайлауы өтті. Дауыс беру бюллетеньдерінде 39 үміткердің есімі көрсетілген.

Дереккөз: ҚазАақпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда