jasqazaq.kz

Украинада президент сайлауы өтіп жатыр

31 наурыз 2019, 12:56

31 наурызда Украинада президент сайлауы басталды. Дауыс беру учаскелері ашылды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Әзірге тәуелсіз сарапшылардың ешбірі кімнің жеңіске жететіні туралы болжам жасаған жоқ. Мамандардың ойынша, президент сайлауы екі кезеңге созылып, соңында үш фаворит қалады — қазіргі президент Петр Порошенко, Юлия Тимошенко және Владимир Зеленский. Биыл Украина президент сайлауына рекордтық кандидат түсіп отыр — 39 адам. Орталық сайлау комиссиясының соңғы күнінде 44 кандидат құжаттарын тапсырған. Алайда бес кандидат біршама уақыттан соң басқалардың пайдасы үшін өз кандидатурасын алып тастады. Егер бірінші кезеңде кандидаттардың бірі 50 пайыздан аса дауыс жинамаса, 21 сәуірде екінші кезең өтеді. Сайлауды бақылау үшін 19 ұйымнан және 17 мемлекеттен 2 мыңнан аса халықаралық бақылаушықатысып жатыр. Мемлекет басшысы құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда