
Украиналық белгілі пластикалық хирург Андрей Сотникті белгісіз біреулер Киевте атып кетті. Бұл туралы РБК-Украина басылымына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлайды.
Қылмыс 2 ақпанда кешкі уақытта болған. Ер адамның жасы 43-те.
«Киев Оперативный» Telegram-каналы жариялаған видеоның кадрларынан қаскөйдің хирургтің соңынан қуып, арқасынан оқ атқанын көруге болады. Ер адам одан қашуға тырысқан, алайда мүмкіндігі болмаған. Соңғы оқ марқұмның басына тиген.
Құқық қорғау органдарының өкілдері қаскөйдің Сотник ұстаған қапты алып кеткенін хабарлады. Қапта не болғаны белгісіз.