jasqazaq.kz

Украина Жоғарғы Радасы тарады

23 мамыр 2019, 15:36

Украина Президенті Владимир Зеленскийдің VIII шақырылымдағы Жоғарғы Рада өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және кезектен тыс сайлауды 21 шілдеде өткізу туралы Жарлығы күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Украинформға сілтеме жасап.

«Украина Конституциясының 90-бабы екінші бөлігі 1-тармағы, 83-бабы алтыншы және жетінші бөлігі, 77-бабы екінші бөлігіне және 106-бабы бірінші бөлігі 7 және 8-тармақтарына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Украина Жоғарғы Радасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды қаулы етемін. Украина Жоғарғы Радасының кезектен тыс сайлауы 2019 жылдың 21 шілдесінде өткізілсін», — делінген құжатта. Украина министрлер кабинетіне Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауын қаржыландыру тапсырылды. Укринформ хабарлағандай, Зеленский 20 мамырда инаугурацияда сөйлеген сөзінде Жоғарғы Раданы тарату туралы мәлімдеген еді. 21 мамырда мемлекет басшысы Рада өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда