jasqazaq.kz

Украина соғыс жағдайын алып тастаудың шартын атады

06 желтоқсан 2018, 18:00

Украина соғыс жағдайын алып тастаудың шартын атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі L!FE басылымына сілтеме жасап.

Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсманның айтуынша, Киевке ешқандай қауіп төнбейтінін сезген жағдайда ғана соғыс жағдайы алынады. Владимир Гройсман кейбір облыстарда соғыс жағдайын мерзімін бұрын алып тастау мүмкін екенін жоққа шығармады. «Ешқандай қауіпті сезбейтін болсақ, соғыс жағдайын ұзартуға еш негіз болмайды. Жағдай тұрақталса, оны мерзімінен бұрын тоқтату мүмкін болады», — деді Украинаның премьер-министрі жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихаты барысында. Мұның алдында ресейліктерге Украинаға кіруге тыйым салынатыны айтылған еді. «Бүгінде шетелдіктердің елге кіруіне шектеу қойылды. Бірінші кезекте, Ресей Федерациясының 16-60 жас аралығындағы азаматтарына, ерлерге», — деген еді Украина Мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Петро Цигикал. Еске салайық, осыған дейін Украинада соғыс жағдайы енгізілгені жайлы хабарланған болатын. Президенттің Жоғарғы Рада сайтында жарияланған бұйрығына сәйкес, соғыс жағдайы Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. Ол 30 күнге дейін созылады — 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін. Ал кейінірек Украина президенті Петр Порошенко елге Ресеймен соғысу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген болатын.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді