jasqazaq.kz

Уханда карантин аяқталды

08 сәуiр 2020, 11:15

Уханда көліктер ақылы автомобиль магистральдары арұылы шығу бекеттерінде кезек орнатып, жолаушылар пойызға отырып, қаладан кетуге асығуда. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан алып қалада ертеңнен бастап COVID-19 коронавирусын одан әрі таратпас үшін енгізілген шектеулер алынып, 11 аптаға созылған карантин аяқталады.

Ухан қаласының солтүстік бөлігіндегі Фухэ төлеу бекетінде көлік иелері дабылды асыға күтіп, қаладан шығуға асықты. Уханда жеке бизнесі бар Го Лэй көлігімен төлеу орнына сағат 20:40 шамасында келген. Онымен бірге көлікте тағы алты адам бар. Олардың барлығы үйіне қайтатын күнді күтіп жүрген. «Мен үйге оралуды тағатсыз күтудемін», — дейді Го Лэй. Ол — елдің шығысындағы Шаньдун провинциясының тумасы. «Уханда сегіз жылдан бері тұрып жатырмын. Көктем мерекесі кезіндегі демалыста туыстарым қалаға келіп, маған қажетті заттарды жеткізуге көмектесті. Эпидемия салдарынан барлығымыз осында қалып қойдық», — дейді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия