jasqazaq.kz

UFC балуаны Жалғас Жұмағұлов: Екі әйелім, алты балам бар

06 желтоқсан 2021, 14:08

UFC балуаны, ең жеңіл салмақ санатындағы аралас жекпе-жек спортшысы, AMC Fight Nights жаһандық лигасының бұрынғы чемпионы Жалғас Жұмағұлов отбасы жайлы баяндады.

Бұл туралы спортшы «Разрешите вас перебить» YouTube арнасында айтты.

Спортшы қарсыластары мен жекпе-жекке дайындығы туралысөз етті. Жалғас Жұмағұлов сұхбат барысында екі әйелі барын жасырмады. Спортшы алты баланың әкесі. Екі әйелі екі жақта тұрады.

“Менің екі әйелім бар. Алты балам бар. Екі әйелім екі жақта тұрады. Бастапқыда қиындықтар болды. Ол уақыттан өттік. Сондықтан қазір үйренісіп қалдық. Екі әйеліме кезек-кезек барамын. Бір күн бірінші әйелімнің, бір күн екінші әйелімнің қасында боламын. Егер кеткен кезде екінші әйелім шығарып салса, келесіде бірінші әйеліме барамын. Солай тең қараймын”, – деді спортшы.

Жұмағұлов Манел Капенің қазақтарға қатысты айтқан сөзіне ренішін жеткізді.

“Капенің “бүкіл қазақ менің алдымда тізерлейтін болады” дегені менің намысыма тиді. Мен оның қолын алмаймын. Ол өзі қолын ұсынып, кешірім сұрамаса қолын алмаймын дедім. Оны жазалағым келеді”, – деді Жұмағұлов.

5 желтоқсан күні таңертең Нұр-Сұлтан уақытымен Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 31 турнирінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-6) мен Манел Капе (17-6) арасында жекпе-жек өтті.

Жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген, бірақ соңында дейін созылмады. Жекпе-жек алғашқы бес минутта ауыр нокаутпен Капенің жеңісімен аяқталды. Ангола өкілі MMA-да он жетінші, UFC-де екінші жеңісіне қол жеткізсе, Жұмағұлов мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырап, UFC-де үшінші рет жеңіліске ұшырады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде