
Футболдан UEFA Ұлттар лигасының төртінші туры екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл күнгі негізгі кездесулер А лигасы бірінші тобында болды. Өз алаңында Франция Хорватияға 0:1 есебімен жол берсе, Дания Австрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетсек, Франция төрт ойында небәрі екі ұпай алды, турнир кестесінде көш соңында тұр. Осылайша олар жанкүйер сенімінен шыға алмай келеді.
Сондай-ақ, В лигасы екінші тобында Исландия мен Израиль 2:2 есебімен тең түсті.