UEFA Ұлттар лигасы А дивизионының финалында кездесетін құрамалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Екінші жартылай финалда Бельгия және Франция шеберлік байқасты. Ойынның бірінші кезеңінде бельгиялық футболшылар жауапсыз екі доп соққан еді. Алдымен 37-минутта Янник Карраско есеп ашса, 40-минутта Ромелу Лукаку басымдықты арттырды. Екінші кезеңде франциялықтар өте жинақы қимыд көрсетті. Нәтижесінде Карим Бензема 62-минутта мергендік танытса, Килиан Мбаппе 69-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді. Ал Тео Эрнандес 90-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша Франция құрамасы финалға берілген екінші жолдамаға ие болды.